From Wikipedia, the free encyclopedia
Фрэнк Ллойд Райт (ағылш. Frank Lloyd Wright; 8 маусым 1869 жыл, Висконсин Ричленд-Сентер қаласы — 9 сәуір 1959 жыл, Аризона Финикс қаласы) — америкалық архитектор, органикалық архитектураның негізін салушы.
Фрэнк Ллойд Райт | |
Frank Lloyd Wright | |
Жалпы мағлұматтар | |
---|---|
Азаматтығы | |
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Жұмысы мен жетістіктері | |
Білімі | |
Сәулет стилі |
органикалық архитектура |
Қолтаңбасы | |
Фрэнк Ллойд Райт Ортаққорда |
Арнайы кәсіби білім алмаған. Архитектор Дж.Л. Силсби мен Л.Салливеннің шәкірті. Оның алғашқы туындыларына (Чикагодағы Чарнли және Робидің, Хайленд-Парктегі Уиллитстің үйлері) романтикалық серпін аңғарылады. Ол архитектураны пошымды табиғатпен шебер сындастыра отырып қолданды (Буффалодағы “Ларкин” фирмасының үйі, 1905; Токиодағы “Импириал” қонақ үйі, 1916 — 22). 1910 ж. Берлинде өткізілген Райт жобаларының көрмесі еуропалық архитектураның өркендеуіне игі әсер етті. Архитектор шығармалары көпке дейін АҚШ-та бағаланбай келді. Райт функционализм қағидасына айналған тік бұрыштылыққа доғал немесе спираль іспетті үлгіні (Нью-Йорктегі Гуггенхейм музейінің ғимараты, 1956 — 59) қарсы қойды. Сәулет өнеріндегі рационализмнің негізін салушылардың бірі. Райт гуманизмі әлеум.-филос. бағытта, алдымен жеке адамға қоғам әперген бостандықтан гөрі оның қоғамнан дербес бостандықта болуын уағыздайтын, жеке басылық еркіндікпен үндес болды. Райттың шығармалары 20 ғ-дағы архитектураның қалыптасуы мен дамуына зор ықпал жасады. [1][2][3][4]
Соломон Р. Гуггенхайм Мұражайы, Нью Йорк (1959) | Райттың Прайс Мұнарасы, Бартлесвиль, Оклахома | «Империал» қонақ үйі, Токио (1923) |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.